2026 жылғы 11 ақпанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өтті.
Іс-шара барысында экономиканың нақты секторына мемлекеттік аудит жүргізу бөлімінің басшысы Е.Қ. Балмағамбетов баяндама жасады. Баяндама тақырыбы еңбекақы, сыйлықақылар, үстемеақылар, материалдық көмек есептеу мен төлеу, іссапар шығыстарын өтеу және өзге де төлемдер тәртібінің бұзылуын анықтауға арналды.
Сабақ аясында техникалық оқуға қатысушылар аудит нысандарының бірінде орын алған негізсіз төлемдердің анықталған фактілерімен танысты.
Мемлекеттік аудиторларға еңбекақы ведомостарын банктік құжаттармен салыстыру кезінде мұқият болу, ақшаны түпкілікті алушылардың Т.А.Ә., ЖСН және карточкалық шоттарының дұрыс көрсетілуіне баса назар аудару нұсқалды.
Баяндама қорытындысы бойынша талқылау өтіп, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.