2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылға арналған уәкілетті этика жөніндегі өкілдердің Типтік жоспарының 1.2. тармағын орындау аясында, 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Қобланова Д.С.-тің қатысуымен заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы талаптарын сақтау жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу жүргізіліп, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.