2026 жылғы 9 қаңтарда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өтті.
Іс-шара барысында Әлеуметтік саланы басқару мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы С.Х. Абдрахманов баяндама жасады. Баяндама тақырыбы жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты қарастыруға арналды.
Сабақ аясында осы Әдістеменің негізгі аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді, атап айтқанда: жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарына аудит жүргізу ерекшеліктері; активтерді басқаруды бағалау; бюджет резервтерін қалыптастыру және пайдалану аудиті; борыштық міндеттемелер және қарыз алу операцияларының аудиті; жергілікті бюджет тапшылығына байланысты операциялардың аудиті; гранттар түріндегі түсімдердің аудиті; бюджеттік кредиттеу жөніндегі операциялардың аудиті; сондай-ақ жергілікті бюджет аудитінің нәтижелері бойынша негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды қалыптастыру. Практикалық мысалдар келтіріліп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу процесінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Баяндама қорытындысы бойынша талқылау өтіп, оның барысында қатысушылар пікір алмасты және қызықтырған сұрақтарын қойды.