Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өткізілді

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өткізілді

        2025 жылғы 30 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтің төрағалығымен техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өтті.

        Іс-шара барысында Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы И.Х. Ғазизов баяндама жасады. Баяндама тақырыбы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының «Мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану кезіндегі заңнама бұзушылықтары» атты 3-бөлімін және «Тиімсіздік» атты 4-бөлімін қарастыруға арналды.

        Сабақ аясында сыныптауыштың негізгі ережелері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, практикалық мысалдар келтірілді, сондай-ақ мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүргізу процесінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

        Баяндама қорытындысы бойынша талқылау өтіп, оның барысында қатысушылар пікір алмасты және қызықтырған сұрақтарын қойды. Мұндай сабақтарды өткізу қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және Тексеру комиссиясының қызметінде заңнама нормаларының бірыңғай қолданылуына ықпал етеді.