Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу өткізілді

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу өткізілді

        2025 жылғы 29 желтоқсанда Тексеру комиссиясының Төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтің төрағалығымен техникалық оқу жүйесіндегі кезекті сабақ өтті.

        Іс-шара аясында Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – заңгер міндетін атқарушы Е.М. Досанов баяндама жасады. Сабақ тақырыбы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының «Бюджет қаражатын пайдалану және оның есебі саласындағы бұзушылықтар» атты 2-бөліміне арналды.

        Техникалық оқу барысында бұзушылықтарды сыныптаудың негізгі аспектілері, бюджет қаражатын пайдалану және есепке алу кезінде жіберілетін типтік қателіктер, сондай-ақ құқық қолдану практикасының мәселелері қаралды. Сабаққа қатысушылар ұсынылған материалды талқылауға белсенді қатысып, пікір алмасты және қызықтырған сұрақтарын қойды.