2025 жылғы 19 қарашада Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында алдағы «Ақмола облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасына және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

        Оған аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов, тексеру комиссиясы аппаратының басшысы А.М. Кенжебаев, Әдеп жөніндегі уәкіл И.Х. Ғазизов, мемлекеттік аудит тобы қатысты.

        Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов мемлекеттік аудит тобына қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, аудиторлық іс-шараны өткізу кезіндегі әдеп нормаларын сақтауы бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес аудит бағдарламасы және аудит нәтижелерін көрсету мәселелері қаралып, талқыланды.

        Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі И.Х. Ғазизов мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі туралы жеткізді.

        Мемлекеттік аудит объектілеріне шыққанға дейін объектілердің атына мемлекеттік аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберілді.