«Мемлекеттік аудитті дамыту мен ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттырудың жаңа парадигмасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Мемлекеттік аудитті дамыту мен ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттырудың жаңа парадигмасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 «Мемлекеттік аудитті дамыту мен ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттырудың жаңа парадигмасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

        2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, «Мемлекеттік аудитті дамыту мен ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттырудың жаңа парадигмасы» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді.

        Дөңгелек үстелдің модераторы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сембиева Л.М. болды.

        Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының, орталық мемлекеттік органдардың, өңірлердің тексеру комиссияларының, ұлттық компаниялардың, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен аудит саласындағы сарапшылар қатысты.

        Іс-шара аясында мемлекеттік аудит жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері, ұлттық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау әдістемесі, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ экологиялық бағдарланған мемлекеттік аудит моделінің тұжырымдамасы талқыланды.

        Баяндамашылар қатарында сөз сөйлегендер: Энгель Ю.Ф. – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі, Жаныбаева З.К. – Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығының бас сарапшысы, Улыбышев Д.Н. – Esil University әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Серикова М.А. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасының доценті, PhD, қауымдастырылған профессор, Шахарова А.Е. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.

        Аталған іс-шараға Тексеру комиссиясының қатысуы мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік аудит саласындағы озық тәжірибемен алмасуға ықпал етті.

        Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік аудит құралдарын жетілдіру және ұлттық ресурстарды пайдалану ашықтығын арттыру мақсатында ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.