2025 жылғы 21 қазанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Тексеру комиссиясының ардагерлері шақырылды.
Жиын барысында кәсіби қызметінде ерекше көзге түскен және жоғары жауапкершілік, адалдық, сондай-ақ өз ісіне берілгендік танытқан Тексеру комиссиясы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара аясында ұжымның корпоративтік рухын арттыруға және патриоттық көңіл-күйін нығайтуға бағытталған зияткерлік викторина да өткізілді.
Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.