2025 жылғы 15 қазанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті көшпелі отырысында «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауының және Сандықтау ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) пайдалануының мемлекеттік тиімділік аудиті» тақырыбындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысы шығарылды.
Отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты М.А. Оразалин, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Жылқыбаев, Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Мустафина, Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттары М.А. Аркенова, В.А. Белуха, А.С. Любимов, А.Н. Жүсіпов, Ақмола облысы әкімдігі ішкі аудит қызметінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы Р.Р. Кәрімов, консультативтік-кеңесші кеңесінің мүшесі Қ.Қ. Қасенов, аудитпен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғалардың атына аудиторлық қорытынды мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және қарастырылып отырған салада басқару сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жолданды.