2025 жылғы 15 қазанда сағат 11-00-де Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтеді, онда салықтық әкімшілендіруге, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауына, сондай-ақ Сандықтау ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдалануына жүргізілген мемлекеттік тиімділік аудитінің қорытындылары қаралады.
Өткізу орны: Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 117 (мәжіліс залы).