«Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-да мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды

        2025 жылғы қыркүйек айында «Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Астрахан ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік аудиті»  аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 89,2 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке өтеу нұсқалды.

        2025 жылғы қазан айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.