Жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін техникалық оқу өткізілді.

Жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін техникалық оқу өткізілді.

        2025 жылғы 09 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі И.Х. Ғазизов жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін техникалық оқу өткізді. Оқыту Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылға арналған үлгілік жоспарының 2.1 және 2.3-тармақтарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

        Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының нормалары түсіндірілді. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, парасаттылық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сана деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

        Мұндай оқытуларды өткізу жоғары деңгейдегі әдептілік мәдениетін қалыптастыруға, қызметтік тәртіптің бұзылуының алдын алуға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған.