2025 жылғы 23 шілдеде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Ақмола облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы Е.Е. Айтқожаны шақыра отырып, ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының және Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің діни қызмет саласындағы хабардарлығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Е.Е. Айтқожа қатысушыларға өңірдегі діни ахуал туралы өзекті ақпаратты жеткізді, діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни-саяси ұйымдардың тізбесімен таныстырды.
Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Е.Е. Айтқожа мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын еске салып, зайырлылық қағидаттарын сақтаудың, діни наным-сенімдерді таңуға жол бермеудің, сондай-ақ әріптестер мен бағыныштыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланатын тақырыптар бойынша жан-жақты түсініктемелер алды.