2025 жылғы 10 шілдеде Тексеру комиссиясында «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауына, Сандықтау ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтердің) пайдаланылуына мемлекеттік аудит» атты алдағы аудиторлық іс-шараға арналған техникалық оқу өткізілді.

        Оның жұмысына Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Әбдірахманова, Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы міндетін атқарушы А.Қ. Махашева, мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.Ә. Қадырбеков, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл И.Х. Ғазизов және мемлекеттік аудит тобының қатысушылары қатысты.

        Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Әбдірахманова мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ аудит бағдарламасының мәселелері және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудит нәтижелерін көрсету мәселелері қаралып, талқыланды.

        Әдеп жөніндегі уәкіл И.Х. Ғазизов мемлекеттік аудит тобына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп ережелерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігі туралы хабардар етті.

        Мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.Ә. Қадырбеков мемлекеттік аудиторларға тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізу кезінде бірқатар практикалық ұсынымдар ұсынды.

        Мемлекеттік аудит тобының қатысушылары әрбір мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу туралы ақпаратты талқылады.