2025 жылғы 9 шілдеде Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтың төрағалығымен техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.
Тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов сөз сөйлеп, тыңдаушылардың назарына тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты туралы баяндама жасады.
Талқылау барысында тыңдаушылардың назары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу ережелерінде көзделген құжаттардың типтік нысандарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудит құжаттарын рәсімдеу қажеттілігіне аударылды.
Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.