2025 жылғы 12 маусымда Астрахан ауданының әкімдігінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның тақырыбы салықтық әкімшілендіруге, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ облыстың дамыту жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу барысында анықталған жиі кездесетін бұзушылықтар болды.
Дөңгелек үстел жұмысына Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшылары мен бухгалтерлік қызмет қызметкерлері, Астрахан ауданының ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ бюджетті атқару процесінде кездесетін типтік қателіктер мен бұзушылықтар жөнінде. Қатысушылар бюджет заңнамасының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамаудың ең жиі кездесетін жағдайларын талқылады.
Жоспарлау сапасын арттыру, бюджеттік міндеттемелерді уақтылы орындау және мемлекет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Мемлекеттік аудиторлар дөңгелек үстел барысында келіп түскен барлық сұрақтар бойынша толық түсініктеме берді.
Мұндай кездесулер қаржылық-бюджеттік тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ бюджеттік қаражат пен активтерді тиімді және мақсатты пайдалануға жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.