2025 жылғы 5 маусымда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов Зеренді ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Зеренді аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.М. Ахмедьянов тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Зеренді ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2024 жылы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджеттің атқарылуы барысында кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.