2025 жылғы 23 мамырда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары арасында ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар өткізу, практикалық тәжірибе алмасу туралы меморандум жасалды.
Бұл меморандумның негізгі мақсаты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының негізгі міндеттері мен қағидаттарын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ тиімді өзара ынтымақтастықты жолға қою болып табылады.