2025 жылғы 4 маусымда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Әбдірахманова Бұланды ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Бұланды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Сессияда Бұланды ауданының әкімі А.Д. Смайылов тиісті баяндама жасады.
Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Бұланды ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне берілген қорытынды ұсынылды.
Қорытындыда 2024 жылы аудан бюджетінің атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер аталып өтті, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезіндегі кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып бекітілді.