Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген 13-ші отырысы өтті

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген 13-ші отырысы өтті

        Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ә.А. Смаиловтың жетекшілігімен 2025 жылғы 23 мамырда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Үйлестіру кеңесінің 13-ші отырысы болып өтті.

        Үйлестіру кеңесінің жұмысына ҚР Жоғары аудиторлық палатасының, ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (ІМAК) өкілдері, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.

        Күн тәртібіндегі басты мәселе 2024 жылғы өңірлік тексеру комиссияларының, ІМАК-тың және ішкі аудит қызметтерінің қызметін бағалау болды.

        Отырыста мемлекеттік аудит жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бөлікте ақпараттық жүйелерді уақтылы интеграциялау және рәсімдерді автоматтандырудың маңыздылығы атап өтілді. Жыл соңына дейін «Мемлекеттік аудит объектісінің кабинеті» модулін апробациялауды аяқтап, оны барлық өңірлік тексеру комиссияларына енгізу тапсырылды.

        Соңында, бұлттық бухгалтерия арқылы қашықтан аудит жүргізуге көшу перспективалары қаралды.