«Біржан сал ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы»

«Біржан сал ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы»

        2025 жылғы 29 мамырда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Тақамбаев Біржан сал ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Біржан сал аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.

        Сессияда Біржан сал ауданының әкімі Б.Қ. Қасенов тиісті баяндама жасады. Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Біржан сал ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне берілген қорытынды ұсынылды.

        Қорытындыда 2024 жылы аудан бюджетінің атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер аталып өтті, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезіндегі кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берді.

        Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып бекітілді.