2025 жылғы 28 мамырда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Жарқайың аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Е.К. Жүсіпбеков тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Жарқайың ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2024 жылы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджеттің атқарылуы барысында кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.