2025 жылғы 27 мамырда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Әбдірахманова Қосшы қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту мәселесі бойынша Қосшы қалалық мәслихатының кезекті сессиясы жұмысына қатысты.
Қосшы қалалық мәслихатының сессиясында қала әкімі А.Е. Қапышев тиісті баяндама жасады.
Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Қосшы қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды ұсынылды.
Қорытындыда 2024 жылы қала бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, қала бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау келтірілді. Бюджеттің атқарылуы кезінде кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Қала бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.
Жалпы, қала бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып бекітілді.