Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов 2025 жылғы 27 мамырда Жақсы ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту мәселесі бойынша Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы жұмысына қатысты.
Жақсы аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі А.А. Қадралина тиісті баяндама жасады.
Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Жақсы ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды ұсынылды.
Қорытындыда 2024 жылы аудан бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау келтірілді. Бюджеттің атқарылуы кезінде кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып бекітілді.

