Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов үстіміздегі жылдың 23 мамырында Астрахан ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту мәселесі бойынша Астрахан аудандық мәслихатының кезекті сессиясы жұмысына қатысты.
Аудан әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Астрахан аудандық мәслихатының сессиясында тиісті баяндама жасады.
Депутаттар назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Астрахан ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2024 жылғы атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері аталып, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезіндегі кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің принциптерін сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып бекітілді.



