Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- адам ресурстарын басқару (HR);
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 10 қыркүйегінен 2024 жылғы 16 қыркүйегіне дейін