«Ecolife» челленджі басталды

«Ecolife» челленджі басталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп, Халықаралық волонтерлер форумы шеңберінде халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Ecolife» экочелленджінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Экочеллендж 2023ж. 7 маусымында басталып, 20 маусымға дейін жалғасады. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Тапсырмалар екі күн сайын ҚР АҚДМ ресми сайттарында және Instagram әлеуметтік желісіндегі @jasulan_qz аккаунтында жарияланады.

Жеңімпаз – барлық тапсырмаларды орындаған қатысушылар арасында анықталады. Бұл ретте креативтілік, тапсырманың толық орындалуы, «экологиялылық» қағидаттарын сақтау және т.б. бағаланады.

Орындалған тапсырмаларды қатысушылар өздерінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында конкурсты ұйымдастырушылардың белгісімен және #ecolifechallenge2023#IVF23 #volunteer#volunteersforum2023 хэштегтерін көрсете отырып орналастырады.

Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біз барлық ниет білдірушілерді экочелленджге белсенді қатысуға және планетаны сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.