Волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған «Волонтерлер жазғы мектебі - 2023» ашылды

Волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған «Волонтерлер жазғы мектебі - 2023» ашылды

Халықаралық волонтерлер форумы қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған Ақмола облысының «Зерен» демалыс кешенінде, волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларына арналған  «Волонтерлердің жазғы мектебі - 2023» ашылды.

Жазғы мектепке 17 өңір және республикалық маңызы бар 3 қаладан волонтерлер, волонтерлік ұйымдардың басшылары және өңірлік фронт-офис мамандары қатысып жатыр.

Волонтерлерлік жазғы мектепте волонтерлік принциптері мен түрлері, жобаны жоспарлау, волонтерлік топтар құру, топтық жұмыс және көшбасшылық, жоба бюджетін анықтау және жобаны ақпараттық сүйемелдеу тақырыптары бойынша тренингтер өтеді.