Вице-министр Д.Қадыров Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Вице-министр Д.Қадыров Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Қатысушылар қоғамдық кеңестер қызметін қайта форматтаудың маңыздылығын, қазіргі жағдайда қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру туралы айтты.

Қоғамдық кеңестің құрамына азаматтық қоғам өкілдерін барынша тарту мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдарға бірқатар арнайы ұсынымдар жіберді.

Қазіргі уақытта жаңартылған кеңестер өз өкілеттіктерін іске асыруға кірісті. Жұмыс жоспарлары бекітіліп, нақты міндеттер айқындалды.

Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандарының бірі – қоғамдық мониторинг. Жыл басынан бері қоғамдық кеңестер өзекті мәселелер бойынша 200-ден астам бақылау жүргізді.

Халықтың қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында уәкілетті орган Қоғамдық кеңестің қызметін жария ету жөніндегі арнайы Медиа-жоспарды әзірледі.

Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында, Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде облыс, қала, аудан және тиісті сала үшін әлеуметтік маңызды шешімдер қабылдауға байланысты сұхбат, мақалалар түрінде материалдар жарияланады.