Қазақстандық сарапшылар Қоғамдық кеңестер қызметі туралы Ұлттық баяндама әзірлеуде

Қазақстандық сарапшылар Қоғамдық кеңестер қызметі туралы Ұлттық баяндама әзірлеуде

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы көпшілік талқылау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті.
21 қазанда «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен әзірленген Ұлттық баяндаманы көпшілік талқылау ұйымдастырылды.
Талқылауға жетекші отандық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің белсенді мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама қоғамдық кеңестер институтының жай-күйі мен даму перспективаларын талдауды қамтитын жыл сайынғы есеп болып табылады.
Баяндама мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құралы ретінде қоғамдық кеңестердің жұмыс нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады, - деп атап өтті өз сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.
Сарапшылардың пікірінше, бұл зерттеу қолданыстағы тәсілдерді талдауға, проблемалық аймақтарды анықтауға және қоғамдық кеңестер институтын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар жасауға бағытталған.
Ұлттық баяндама жобасы республикадағы қоғамдық кеңестер институтының қалыптасуының негізгі кезеңдерін қамтиды, республикалық және жергілікті деңгейде жинақталған жұмыс тәжірибесін сипаттайды, - деп атап өтті «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев.
Баяндама жобасын талқылау жөніндегі іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіре алады.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық кеңестер туралы заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес, Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау және Мемлекет басшысына енгізу алғаш рет заңнамалық деңгейде бекітілді.