Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалардың аралық қорытындылары талқыланды

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалардың аралық қорытындылары талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық істер жөніндегі комитет төрағасы Мадияр Қожахметтің төрағалығымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылған жобалардуң аралық қорытындыларын талқылаудың екінші раунды болып өтті.

Мадияр Қожахметтің ақпараты бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелерді талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған үкіметтік емес ұйымдардың өзі де белсенді түрде атсалысуы керек.
«Бүгін біз қоғам үнін тыңдайтын мемлекет саясатын ұстанамыз. Сол себепті ҮЕҰ-мен біздің кездесудің мақсаты – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылған жобалар шеңберінде үкіметтік емес сектор жүргізетін жұмыс туралы ақпараттандыру. Бұл конференция әлеуметтік желілерде қолжетімді болады. Сонымен қатар, ҮЕҰ үшін аталмыш алаң бір-бірімен тәжірибе алмасуда өте жақсы мүмкіндік бола алады.
Биыл Қазақстанның барлық аймағында 51 жоба іске асырылып жатыр. Жобалармен 2,5 млн халықты қамтимыз деп күтіп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы жалғасын табады. Оған қоса қазір біздің алдымызда гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру міндеті тұр. Бүгінгі күні Парламент қабырғасында заңнамаға өзгерістерді енгізу бойынша мәселелер талқылануда. Сол себепті біз үшін бүгін ҮЕҰ-ның тиімді жұмысы үшін қандай өзгерістер мен толықтырулар керектігін түсіну мақсатында бізге жобалардың нәтижесін білу керек», - деді М.Қожахмет.

ҮЕҰ өкілдері ауылды елдімекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын, халықтың денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін арттыруға және инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларымен күресуге, қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тартуға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылатын азаматтарды тиімді түрде қайта әлеуметтендіруге, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді.

Іс-шараға «Қазақстанның іскер әйелдері» ҚБ, «Atamnyn Amanaty» ҚБ, «ЖАҢАРУ» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБ, Қызылорда облысының «Жас-Ұлан бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» ҚБ, «QOLDAU» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі, «Медицина жастары» РҚБ, «ТРИНТА» ЖҚ, «Мархабат.KZ» мүгедектер қоры» ҚБ, «Қазақстанның волонтерлар лигасы» Қоғамдық қоры, «Антарес А» ҚБ секілді ҮЕҰ-лардың өкілдері қатысты.