Ауылдық ҮЕҰ үшін мемлекеттік қаржыландырудың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Ауылдық ҮЕҰ үшін мемлекеттік қаржыландырудың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

2021 жылғы 13 қазан.
Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында вице-министр азаматтық бастамаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерлердегі Азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеуді тапсырды.
Осыған байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шағын гранттарды іске асыру арқылы ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізуде.
"Бүгінде барлығы 2994 ҮЕҰ тіркелген. Соңғы 5 жылда ауылда тек 1513 жоба іске асырылды, қалаларда бұл көрсеткіш 5 еседен асады. Осы факторды ескере отырып, біз шағын гранттарды іске асыру арқылы ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің басты міндетіміз – ауылдық қоғамдық ұйымдар үшін мемлекеттік қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету", - деп атап өтті Болат Тлепов.
Бүгінгі таңда, министрлікпен республикалық бюджеттен бөлетін гранттық қаржыландыру қоғамдық бастамаларды толық қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан вице-министр өңірлерде гранттық қаржыландыруды қарастыру қажеттілігі туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар азаматтық қоғамның дамуы және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы айтып берді.