ҚР АҚДМ ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар бойынша онлайн кеңестер берді

ҚР АҚДМ ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар бойынша онлайн кеңестер берді

Бүгін 16 маусымда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ алаңында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің қатысуымен «Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік гранттар беру бойынша онлайн консультация» атты тікелей эфир өтті.
Өз сөзінде Мадияр Қожахмет «2021 жылғы шілде-қараша кезеңіне арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарына Азаматтық қоғам істері комитетінде 9 жоба көзделген, олар үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарынан және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарынан тұрады», -деп атап өтті.
Бұдан басқа, гранттық қаржыландыру тақырыбына денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, тарихи-мәдени мұраны қорғау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты бүгінгі күні өзекті деп танылған жобалар енгізілді.
Өз кезегінде, әлеуметтік жобалардың тиімді жүзеге асырылуы гранттық жобаларды жеңіп алған үкіметтік емес ұйымдардың аталған саладағы іс-тәжірибесіне, қызметкерлерінің біліктілігіне, сондай-ақ әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда таңдап алынған тәсілдеріне байланысты екендігін атап өтті. Осы орайда, «әр әлеуетті өнім берушінің жауапкершілігінің болуы шарт»,- делінді.
Тікелей эфирдің толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы көруге болады https://fb.watch/69Dcxtf0Vx/