ҚР АҚДМ-де БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңсесінің аймақтық өкілімен кездесу өтті

ҚР АҚДМ-де БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңсесінің аймақтық өкілімен кездесу өтті

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (БҰҰ АҚЖКБ) Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Ришард Комендамен, оның Қазақстанға жұмыс сапары шеңберінде, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет кездесу өткізді.

Әңгіме барысында М. Қожахмет БАҚ-ты дамытудағы жаңа тәсілдер мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара жемісті іс-қимылға ниетті екендерін растады.