ҚР АҚДМ өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша оқытуды бастады

ҚР АҚДМ өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша оқытуды бастады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп IX Азаматтық форумның және «Министрлік күндері» шеңберінде өткен стратегиялық сессиялардың ұсынымдарын орындау мақсатында 1-ші және 24-ші маусым аралығында республика көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру бойынша түсіндіру семинарларын өткізуді бастады.

Бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесудің тиімді механизмдерінің біріне айналды. Бұл бағытты әрі қарай дамыту үшін Министрлікпен тұрақты негізде нормативтік база да жетілдірілуде. Алайда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы проблемалар толық жойылған жоқ.

Осы орайда, Министрлік «ЗУБР» Консалтинг-Орталығы» мен «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тетігінің проблемалық мәселелерін түсіндіре отырып, оқыту семинарларын өткізуді бастады.

Атап айтсақ, 2021 жылғы 1 маусымда ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүльбара Сұлтанованың төрағалығымен еліміздің Шығыс және Орталық өңірлерінде (ШҚО, Павлодар облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) алғашқы семинар өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың 40-тан астам қызметкеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру және стандартын сақтау бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ лоттарды қалыптастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер жөнінде айтылды.

Сонымен қатар алдағы уақытта да мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды мониторингілеу және нәтижелерін бағалау тетіктеріне жеке семинарлар арналатын болады.

Айта кетсек, бүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі. 16 жылдан астам уақыт бойы іске асырылып келеді. Жыл сайын оны іске асыруға 300-ден астам әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мен 1000-нан астам ҮЕҰ қатысады.