Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заң жобасын аймақтық жария талқылаулар сериясы аяқталды

Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заң жобасын аймақтық жария талқылаулар сериясы аяқталды

Бүгін, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын көпшілік алдында өңірлік талқылаулар сериясын өткізуді аяқтады.

Заң жобасын талқылауға 200 астам өңірлік қоғамдық және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Қатысушылар аталған салалардағы проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды айтып, осы бағытта одан әрі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 14 мамырында, Қазақстандық парламентаризмді дамыту қорының «Тең құқықтық диалог» пікірталас клубында заң жобасын талқылау жоспарлануда.