Министрлік ҮЕҰ-ға арналған гранттық қаржыландыру механизмдерін жетілдіру жұмысын жалғастыруда

Министрлік ҮЕҰ-ға арналған гранттық қаржыландыру механизмдерін жетілдіру жұмысын жалғастыруда

2 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ-ға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға ұсынылатын түзетулерді талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, сараланған гранттардың жүйесін және мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау механизмін енгізу мәселелерін ҮЕҰ өкілдерінің талқылауына ұсынды. Қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар сияқты грант түрлері қарастырылды. Үкіметтік емес сектордың сарапшыларымен бірлесіп, ҮЕҰ-ға, грант түрлеріне қарай қаржыландыру көлеміне және іске асыру мерзімдеріне қойылатын талаптар пысықталды.
Сондай-ақ Министрлік тарапынан орталық мемлекеттік органдарға Оператор арқылы гранттарды ұсыну құзыретін бере отырып, аталған бағытта жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тізбесін кеңейту ұсынылды.
Құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, гранттардың түрлеріне байланысты ҮЕҰ-ны материалдық-техникалық жабдықтауға және институционалдық дамытуға арналған шығыстарды айқындау тәсілдері қайта қарастырылды.
Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева гранттық саясат бойынша ресейлік әріптестердің тәжірибесін ұсынды, нақтырақ айтсақ, барлық конкурстық рәсімдерді портал арқылы жүргізу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар Б.Нұрғазиева гранттық жобалардың орындалу сапасына бақылау жүргізуді ұсынды.
Талқылау барысында сарапшылардан – жұмыс тобының мүшелерінен көптеген ұсыныстар түсті, аталған ұсыныстар әзірленіп жатқан құжаттардан көрініс табатын болады.