Қоғамдық ұйымдар үшін маңызды ақпарат! ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру жалғасуда

Қоғамдық ұйымдар үшін маңызды ақпарат! ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру жалғасуда

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорына ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 наурызда аяқталатынын хабарлайды.
Қазіргі уақытта елімізде 22 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қазіргі уақытта дерекқорға барлығы 1 995 ұйым мәлімет ұсынды. Оның ішінде Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйымдардың мәлімет тапсыруда белсенділігі төмен екендігі байқалады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтер ұсынбаған ұйымдар конкурстық рәсімдерге жіберілмейді.
Сондай-ақ, ҮЕҰ Дерекқорына тіркелу ұйымдарға қазақстандық басқа бірлестіктердің табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
кіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:
1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);
2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі», 15-кіреберіс).
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдарды 2021 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорына infonpo.gov.kz ақпараттық ресурсы арқылы 2020 жылғы қызмет туралы мәліметтерді тапсыруға шақырамыз.