SARAP сарапшылары Құрылтай сайлауының қорытындысын талқылауға арналған отырыс өткізді

SARAP сарапшылары Құрылтай сайлауының қорытындысын талқылауға арналған отырыс өткізді

Астанада «Сайлау қорытындылары және жаңа Құрылтайдың келбеті» тақырыбында SARAP сарапшылар клубының отырысы өтті.

Жиында сайлаудың ресми қорытындысы мен Құрылтайдың алғашқы құрамын жасақтау ерекшеліктері қаралды.

Сарапшылар жаңа депутаттар құрамына қатысты қоғамның күтетін өзгерістері, оның сапалық құрамы, заң шығару жұмысы және азаматтық қоғаммен байланысы жөнінде пікір алмасты.

Отырысқа сарапшылар мен ғылыми орта өкілдері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және коммуникация саласының мамандары қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі