Парламент Сенатының депутаттары «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының тәсілдері мен ережелерін талқылады

Парламент Сенатының депутаттары «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының тәсілдері мен ережелерін талқылады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде, 5 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттарының  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту мәселелері бойынша негізгі тәсілдер талқыланды.

Аида Балаева қоғамдық бақылау институтын жетілдірудің уақтылығы мен өзектілігін атап өтіп, «Қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру процесін құқықтық регламенттеу үшін құқықтық жағдайлар жасау азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін пәрменді шаралардың бірі болатынын» атап өтті.

Осылайша, болашақ заң жобасының мақсаты қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды айқындау ұсынылады.

Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидаттарының бірыңғай жүйесін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық күш-жігерді біріктірудің құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындау кіреді.

Кездесу барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті  Бану Нұрғазиева, «Ұлт тағдыры» ҚБ төрағасы Досмахамбет Көшім және «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро» ҚБ директоры Евгений Жовтис, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басшысы Шыңғыс Лепсібаев сөз сөйледі.