Әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың тиімділігін арттыру мәселелері тақырыбында семинар өтті

Әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың тиімділігін арттыру мәселелері тақырыбында семинар өтті

Әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың тиімділігін арттыруға арналған онлайн семинар өтіп, оған Маңғыстау облысындағы мемлекеттік органдардың 20-дан астам өкілі қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға әлеуметтік жобаларды жоспарлаудың негізгі тәсілдері таныстырылды. Атап айтқанда, қоғамдық пікірді ескеру, өңірдің өзекті қажеттіліктерін талдау және үкіметтік емес ұйымдармен сындарлы серіктестікті дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы әлеуметтік жобаларға шолу жасалып, гранттық қаржыландырудың негізгі тетіктері мен гранттық бастамаларды жүзеге асыру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі