2025 жылғы 10 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Іс-шара 15–16 қазанда Астанада өтетін XII Азаматтық форумға дайындық аясында ұйымдастырылды.
Кездесу агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Қатысушылар мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық қауіпсіздік, субсидиялау, цифрландыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылау тетіктері жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Қатысушылар аграрлық саланы тиімді дамыту үшін мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның өзара тығыз байланысы қажет екенін атап өтті. Мұндай кездесулер мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен нақтылығын арттыруға бағытталған практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жинақталып, Қазақстанның XII Азаматтық форумында ұсынылатын болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі