Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес 2027-2029 жылдарға арналған гранттық жобалардың бағыттарын қалыптастыру үшін ҮЕҰ-дан және қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинақтау жұмыстарының жүргізілуі басталғанын хабарлайды.

Ұсыныстар келесі бағыттар бойынша жіберіледі:
1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын дамыту.
2. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
3. Медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету.
4. Қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету.
5. Волонтерлік қызметті дамыту.
6. Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту.
7. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.

Ұсыныстарды тиісті тысан бойынша байланыс деректерін міндетті түрде көрсете отырып, a.mukhamedzhanov@mki.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады (хат тақырыбында «ҮЕҰ гранттық жобаларының бағыттары бойынша ұсыныс» жазбасын көрсетуіңізді сұраймыз).

Ұсыныстарды қабылдау 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты келесі нөмір арқылы алуға болады:

8 (7172) 74-07-41