Бүгін, 2025 жылғы 15 тамызда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бастаған делегациямен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар медиация саласы бойынша халықаралық әдіс-тәселдер мен бастамаларды, сондай-ақ, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың келешегін талқылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөз сөйлеп, елімізде медиация институтын дамытуға бағытталған нақты қадамдар туралы баяндады.
Вице-министр бұл кездесу екі ел арасында тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, медиация саласына озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге серпін беретініне тоқталды. Сондай-ақ, медиация қызметінің сапасын арттырып, оны барлық әлеуметтік топтар үшін қолжетімді ету мақсатында халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медиация саласында бірлескен зерттеулер жүргізу, тиімді тәжірибелерді бейімдеу және медиация институтын халықаралық стандарттарға сай дамыту бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі