Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін сағат 18:30-да аяқталады.
Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.
Техникалық ақауларға байланысты өтінімді жаңадан ашылған premiya2025@cisc.kz электронды мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=ru сілтемесі бойынша біле аласыздар.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17 нөмірлеріне хабарласуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі