Меню
Страницы
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Азаматтық қоғам
10 апреля 2025
Таразда халықаралық волонтерлер конференциясы өтіп жатыр

10 сәуір күні Тараз қаласында «Жаһандық диалог шеңбері» халықаралық волонтерлер конференциясы басталды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70 волонтер келіп, қатысты.

Аталмыш конференцияны Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап, Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесі ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар волонтерлік саладағы кейстерді бөлісіп, тәжірибе алмасты және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында волонтерлер тұрақты даму жолында Халықаралық волонтерлер жылын өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
10 апреля 2025
ҮЕҰ есептерін тапсыру туралы

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Еsep.govtec.kz» атты жаңа цифрлық платформада «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтер қабылдау жүргізілуде.

"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын өз қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ Дерекқорына" ұсынуға міндетті.

Осыған байланысты, мәліметтерді қабылдау 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін жүргізілетінін хабарлаймыз.

Мәселелер туындаған жағдайда ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетіне мына телефондар бойынша хабарласуға болады, тел: 74-04-28, 74-04-20.

Азаматтық қоғам
10 апреля 2025
Сарапшылар мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыстың жаңа кезеңі туралы талқылады

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмін жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы онлайн форматта өтті.

Жиынға үкіметтік емес ұйым өкілдері мен азаматтық қоғам саласындағы 20-дан астам сарапшы қатысты.

Атап өтейік, бұл жұмыс тобы Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын іске асыру аясында құрылған. Оның қызметі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесінің ашықтығын, тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңнамалық өзгерістерді әзірлеуге бағытталған.

Спикерлер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берушілерді іріктеу критерийлерін жаңарту тәсілдерін ұсынып, іске асырылатын жобалардың сапасын арттыру мен ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызына тоқталды.

Ашық пікірталас барысында қатысушылар өңірлердегі құқық қолдану тәжірибесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, тапсырыс берушілерді іріктеу критерийлерін қайта қарау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру салаларын қайта пысықтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, тапсырыс берушілерді іріктеуде сараланған тәсіл мен аумақтық шектеулерді енгізу ұсынысы қолдау тапты. Бұл шара үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесі мен жергілікті бастамаларын ескере отырып, неғұрлым икемді және әділ бөлуге мүмкіндік береді.

Заңнамалық түзетулерді дайындау жұмыс тобының тұрақты отырыстары шеңберінде жалғасады. Барлық өзгерістер азаматтық қоғам өкілдерінің тәжірибесі мен сараптамалық бағалары ескеріліп, тығыз ынтымақтастықта әзірленетін болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
09 апреля 2025
Қоғамдық кеңестер Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға белсенді кірісуде

Бүгін Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға республикалық және жергілікті деңгейдегі 56 қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған Үйлестіру орталығы – еліміздің барлық өңірлеріндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің өзара тәжірибе алмасуына арналған алаң.

Кездесудің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында қойған міндеттерді іске асыруға қоғамдық кеңестердің қатысуы болды. Жиын барысында спикерлер өңірлерді дамыту бойынша сәтті кейстерді бөлісіп, ақсақалдар кеңесін мемлекеттік стратегиялық бастамаларды іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар айтты.

Ерекше назар Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі тақырыптардың бірі – экология мәселелеріне аударылды. Атап айтқанда, республикалық «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастыру жайы талқыланды. Қатысушылар бұл бағыттағы қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Тақырыпты жалғастыра отырып, қатысушыларға қоғамдық кеңес мүшелері қызметін бағалаудың үлгілік әдістеме жобасы ұсынылды. Бағалау жүйесін енгізу қоғамдық институттардың тиімділігі мен ашықтығын арттырып, оларға деген сенімді күшейтуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық құрылтайда қойылған міндеттерді жүзеге асыру, қоғамдық кеңестердің маңызды мемлекеттік бастамаларға қатысуын кеңейту, сондай-ақ қоғамдық кеңестер институтын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
20 марта 2025
Астанада ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Астанада ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.

Отырыс барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) салдарын жоюда ҮЕҰ әлеуетін пайдалануға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының Азаматтық Альянсы басшыларының балама баяндамалары тыңдалды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ-ның 2026 жылға арналған әлеуметтік жобалардың жоспарланған тақырыптарын да қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді және олар жүзеге асу үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
05 марта 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Астанада «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелерін қарастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Отырыс барысында 2030 жылға дейінгі инклюзия тұжырымдамасының негізгі аспектілері, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мәдениет мекемелерінің қолжетімді болуы, сондай-ақ оларды қолдау үшін салалық волонтерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы заң аясында ақпаратқа қолжеткізу саласындағы заңнаманың негізгі қағидаларының бірі ретінде мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін ескеру бекітілді; әдебиеттерді, соның ішінде Брайль қарпімен басылған баспа өнімдерін шығару шаралары айқындалды; ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында интернет-ресурстарды бейімдеу қарастырылды; ақпараттық стендтерге еркін қолжеткізу үшін қойылатын талаптар белгіленді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету тәсілдері анықталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
27 февраля 2025
Астанада Үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Кездесу барысында мемлекеттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамытуда ҮЕҰ-ның маңызды рөлі аталып өтті. ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекет үкіметтік емес секторды қолдауды жалғастырып келеді. 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 41%-ға, ал гранттық жобалар саны 33%-ға артты. Өткен жылдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Айта кетейік, 2008 жылдан бастап ҮЕҰ саны шамамен 2,5 есе артты. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Биыл қазан айында Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Бұл – мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тағы бір жарқын көрінісі болмақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
21 февраля 2025
1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасы жалғасын табады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, 1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасының іске қосылатынын хабарлайды. Бұл бастама барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына бағытталған.

Жоба аясында арнайы қайырымдылық күнтізбесі әзірленіп, тақырыптық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі саласына қызығушылықты арттыра отырып, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры» атты негізгі номинциялар бойынша және «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа» атты арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады.

Айта кетейік, өткен жылы аталмыш жобаға 50 мыңға жуық адам қатысып, 7 мыңнан астам игі іс жасалған.

Марафонға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жасаған игі іс жайлы ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ақпаратты #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025 хэштегтерімен жариялау қажет.

Қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
20 февраля 2025
Астанада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті «Студенттердің волонтерлік қызметке қосатын үлесі, саладағы сын-тегеуріндер мен келешегі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту.

Кездесуде волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, жастар арасында сұранысқа ие жобалар мен оларды дамыту тәсілдері, волонтерліктің кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпалы секілді мәселелер көтерді.

Студенттер білім беру платформаларын құрып, тәжірибелі волонтерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруды және волонтерлікті насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық құралдарды белсенді пайдалануды ұсынды.

Дөңгелек үстел волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүдделі студент жастарға арналған диалог алаңына айналды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
18 февраля 2025
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ  бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:

- Инклюзивті қоғамды дамыту;

- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;

- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;

- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;

- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;

- Зооволонтерлікті дамыту.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы