Меню
Страницы
Құжаттар
Комитет туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Азаматтық қоғам
22 апреля 2026
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс конкурсына құжат қабылдау басталғанын хабарлайды.

Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап 12 мамыр күні сағат 18:30-ға дейін KDGO-2025@mail.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурс құжаттамасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады:  https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/1001266?lang=kk

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032852), сондай-ақ бекітілген конкурс құжаттамасына сәйкес, әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7-тармағында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі Қағидалардың 3-тарауының 10-тармағында көрсетілген.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
 8 (7172) 74-00-78, 74-10-08, 74-02-17.

Ескертпе!

Өтінімді KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-00-78 нөмірі арқылы бізге міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Азаматтық қоғам
Жастар саясаты
22 апреля 2026
Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында елімізде «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр. Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Апталық аясында республика көлемінде әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында экологиялық акция өтіп, волонтерлер аумақтарды қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Мейірімділік апталығына» елордалық жастар да белсенді қатысып келеді. «Астана жастары» волонтерлері қаңғыбас жануарларға арналған панажайға арнайы барып, қоршауларды тазалауға, қараусыз қалған иттерге күтім жасауға атсалысты.

«Мейірімділік апталығына» әрбір азамат қатысып, игі іске өз үлесін қоса алады.

#МарафонДобрыхДел2026, #ИгіІстерМарафоны2026 және #MarathonOfGoodDeeds2026.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
20 апреля 2026
Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Қазақстанда «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында 20-26 сәуір аралығында өтетін «Мейірімділік апталығы» басталды. Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Бір апта бойы ел көлемінде мемлекеттік органдар, білім беру және медициналық мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі игі іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсетуге, жануарларға жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға баса мән беріледі.

Жоба қазақстандықтарды игі істерге жұмылдырып, қоғамдағы бірлікті нығайтуды, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтарын кеңінен дәріптеуді көздейді. Республика бойынша іс-шараларға мыңдаған адам қатыспақ.

«Кішкентай қадам – үлкен өзгеріс!» ұранымен жүзеге асып жатқан бастама әр адамның үлесі маңызды екенін айқындайды.

Акцияға кез келген адам әлеуметтік желілерде өз игі істерімен бөлісіп, #ИгіІстерМарафоны2026, #МарафонДобрыхДел2026 және #MarathonOfGoodDeeds2026 хэштегтерін белгілеу арқылы қосыла алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
18 апреля 2026
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

Мемлекет басшысының Халықаралық волонтерлер жылына орай көтерген бастамалары аясында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті.

Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырды.

Акция жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өтті. Осы күні еліміздің барлық өңірінде тарихи-мәдени мұра нысандарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған волонтерлік шаралар өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын ұғындырып, жұртшылықтың жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінде басталды.

Акция нәтижесінде волонтерлік қозғалыстың өңірлердегі жұмыс жүйесі нығая түсті. Еліміздің барлық 20 өңірінде «Madenietti Mura волонтерлері» клубтары ашылып, олар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен азаматтық белсенділікті арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетін болады.

Аталмыш акция аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау ісіне қоғамның барлық буынын жұмылдыру көзделді. Сонымен қатар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және экологиялық сананы қалыптастыруға мән берілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
17 апреля 2026
Қоғамдық кеңес қызметі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу жұмысы басталды

Қазақстандық қоғамдық даму институтында еліміздегі қоғамдық кеңес қызметі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында сарапшылар басқосуының алғашқы отырысы өтті.

Аталған құжат Мемлекет басшысына ұсынылып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға және осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге негіз болады.

Алғашқы отырыста әзірленіп жатқан баяндаманың құрылымы, негізгі мазмұндық бағыттары мен зерттеу тәсілдері талқыланды.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, талдау және зерттеу орталықтарының мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ұлттық баяндама қоғамдық кеңестер қызметіне жан-жақты баға беріп, жүйелі мәселелерді айқындауға және оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді көздейді.

Биыл еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрылғанына – 10 жыл. Осыған орай әзірленіп жатқан бұл баяндама қоғамдық кеңестер институтының қызметіне жаңаша көзқарас қалыптастырып, мәні мен маңызын арттыра түседі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
Жастар саясаты
13 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті

«Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасы аясында Esbol Qory қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, психологтар, студенттер, волонтерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері мен құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды. Сонымен қатар есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды күшейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар-тренинг аясында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өңірлік деңгейде жүзеге асыруға болатын нақты бастамаларды қарастырды.

«Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
13 апреля 2026
Ақпараттық хабарлама

Құрметті үкіметтік емес ұйымдар өкілдері!

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» ұсынуға міндетті.

Esep.govtec.kz платформасында бұрын туындаған техникалық ақауларға байланысты мәліметтерді ұсыну мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылған болатын.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің жұмысы қалпына келтірілді, мәліметтерді қабылдау қалыпты режимде жүзеге асырылуда.

Белгіленген мерзімде есептілікті ұсыну қажеттігін қатаң сақтауға назар аударамыз.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
10 апреля 2026
QAZMEDFEST – 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

2026 жылғы 6-10 сәуір аралығында Қазақстанда QAZMEDFEST республикалық фестивалі өтті.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылды. Фестиваль жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталды.

Фестиваль еліміздің алты қаласын қамтыды: Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Қарағанды. Барлығы 13 әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 мыңнан астам қазақстандық жас қатысты.

Атап айтқанда, Алматыда Дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттауға арналған марафон өтті, Шымкентте донорлық акция аясында 50 студент қан тапсырды, ал Семейде волонтерлер облыстық хосписке барып, медициналық және қайырымдылық көмек көрсетті.

Сонымен қатар фестиваль аясында мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Қатысушылар медициналық мамандықтармен және бейінді жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерімен танысты.

QAZMEDFEST – 2026 жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және волонтерлік қозғалысты дамытуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

Фестивальдің қорытындысы ретінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыұлттық сенбілік өткізу жоспарланған. Ол еліміздің барлық өңірінде өтеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
10 апреля 2026
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлайды. Жеңімпаздарға 3 айға дейінгі мерзімде жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:

  • волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
  • инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
  • ауылдық жерлерді дамытуға арналған бастамалар – 18 грант.

Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірден 30 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:

  • тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
  • волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
  • волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.

Толық ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының www.cisc.kz сайтында («Гранттар» → «Шағын гранттар» бөлімі) орналастырылған. Мұнда байқау шарттары мен ұйымдастырушылар туралы мәлімет те берілген.

Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.

Еске сала кетейік, өткен жылы 136 шағын грант аясында белсенді азаматтар мен ҮЕҰ өз жобаларын табысты түрде жүзеге асырды. Нәтижесінде еліміз бойынша 10 мыңнан аса азаматқа нақты көмек көрсетіліп, 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Жобалар аясында 5 мың ауыл тұрғыны қамтылып, 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат кәсіп игеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар 4 мыңнан астам адам волонтерлік қызмет, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету және қарттарға күтім жасау дағдыларын меңгерді.

Волонтерлердің белсенді қатысуымен 400-ге жуық ерікті археологиялық экспедициялар жұмысына тартылып, тарихи-мәдени мұра нысандарымен жүйелі жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ ветеринарлық көмекке мұқтаж 352 жануар қамтылып, экологиялық акциялар өткізіліп, 1 тоннадан астам қоқыс қалдығы жиналды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Азаматтық қоғам
26 марта 2026
«Мейірімді тазару» акциясы ел бойынша волонтерлерді біріктірді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Green Steppe жобасы аясында бүкіл ел бойынша «Мейірімді тазару» акциясы өтті. Іс-шараны «Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігі ұйымдастырды.

Акцияға 200-ден астам волонтер, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Бастама аясында Шымкент қаласында және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында жергілікті деңгейдегі алты акция ұйымдастырылды.

Волонтерлер қарттар мен ардагерлерге көмек көрсетіп, аулалар мен қоғамдық аумақтарды қар мен мұздан тазартты. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған бастама қоғамдық ынтымақтастықты нығайту мен өзара көмек мәдениетін қалыптастыруда волонтерлік қозғалыстың маңызын айқын көрсетті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері