Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

№ 58-НҚ от 11.02.2025

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесі (бұдан
    әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ведомстволық бюджеттік комиссиясының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 01-0/370-вн хаттамасы.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі

_______ жылғы  «___» ақпандағы
№ ____

бұйрығымен бекітілген

 

2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік
 гранттардың басым бағыттарының
тізбесі

 

№ р/с

Заңның
5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқаша сипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Нысаналы индикатор

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар
(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

 

Азаматтық қоғам істері комитеті

1.       

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

Инклюзивті қоғамды дамыту

 

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес бүгінгі күні Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам немесе халықтың жалпы санының 3,6%-ы тұрады, оның ішінде 381,3 мың адам еңбекке қабілетті жаста.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін олардың әлеуметтік оқшаулануы, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіз қолжетімділігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасының төмендігі және басқа да мәселелер өзекті болып отыр.

Инклюзия саласында жұмыс істейтін жас ҮЕҰ инклюзивті жобаларды іске асыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелерін шешуге жәрдемдесу үшін айтарлықтай әлеуетке ие, бірақ қоғамдық ортаға тиімдірек әсер ету үшін кәсіби дағдыларды арттыру және олардың тұрақтылығын нығайту қажеттілігіне тап болады. Олардың дамуын қолдау және қаржыландыру мүмкіндігі ұйымдарға инклюзивті қоғамды қалыптастыруда белсенді рөл атқаруға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025 жыл – 30 886 мың тг.

 

2026 жыл – 30 886 мың тг.

 

 

1 орта мерзімді грант

 

 

 

Нысаналы индикатор:

 1) Жобаны іске асыру шеңберінде кем дегенде екі облыстың немесе бір облыс пен республикалық маңызы бар қаланың (оның ішінде астананың) аумағында инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, тұрақтылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында инклюзия саласында қызмет ететін кемінде 70 ҮЕҰ өкілінің әлеуетін нығайту - жыл сайын;

2) жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейін бағалау: қанағаттану деңгейі сауалнама нәтижелері негізінде кемінде 70% құрайды – жыл сайын.

Күтілетін нәтиже

1) инклюзия саласында жүзеге асыратын ҮЕҰ-ның кемінде 70 өкілі үшін олардың әлеуетін арттыру мәселелері бойынша оқыту іс-шараларының кешенін жүргізу (жобалық басқару, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс және т. б.) - жыл сайын;

2) инклюзия саласында өз қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ үшін мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен инклюзивті қоғамды дамыту шеңберінде кемінде 18 шағын грант (1 млн. теңгеден) беру - жыл сайын;

3) жобаларды іске асыру аумағында нетворкинг-алаңдарды ұйымдастыру және мүгедектігі бар белсенді адамдардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізу - жыл сайын;

4) жоба нәтижелерінің қорытынды таныстырылымын ұйымдастыру - жыл сайын.

 

2.       

Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта республикада 23 194 ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 18 204. Жалпы, ҮЕҰ саны 15 жыл ішінде 6,5 есе өсті.

ҮЕҰ азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болып табылады, оның ішінде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын қалыптастыру және білдіру, ақпараттандыру, қоғамдық пікір құру, әлеуметтік инновацияларды, азаматтық белсенділікті және қоғамдық интеграцияны дамыту бойынша маңызды функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстанда 5 мыңнан астам ҮЕҰ өңірлерде белсенді жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда ауылдық азаматтық қоғам жергілікті мәселелерді шешуде маңызды орын алады. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ жергілікті жағдайды жақсы түсінеді және олардың әлеуеті осы аймақтардағы әлеуметтік климатты жақсарту үшін қосымша дамуды қажет етеді.

2025 жыл – 30 886 мың тг.

 

2026 жыл – 30 886 мың тг.

 

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

 1) кемінде 2 (екі) облыстан кемінде 70 ауылдық үкіметтік емес ұйымның әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету – жыл сайын.

2) жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейін бағалау: қанағаттану деңгейі сауалнама нәтижелері негізінде кемінде 70% құрайды – жыл сайын.

Күтілетін нәтиже

1) ұйымды дамыту стратегиясын әзірлеу, ақпараттық өрісте таныту, мақсатты аудитория мәселелерін шешу үшін өнімдерді әзірлеу және ұйымды ілгерілету бойынша кемінде 70 ауылдық ҮЕҰ оқытуды және тәлімгерлік сүйемелдеуді ұйымдастыру - жыл сайын;

2) ауылдық бастамалар үшін кеңес беру, бухгалтерлік және заңдық сүйемелдеу көрсету - жыл сайын;

3) ауылдық жерді дамытуға бағытталған ауылдық ҮЕҰ үшін 1 млн. теңгеден 18 шағын грант беру - жыл сайын;

4) тағылымдамаларды ұйымдастыру және тәжірибелі ҮЕҰ-мен тәжірибе алмасу - жыл сайын;

5) жоба нәтижелерінің қорытынды таныстырылымын ұйымдастыру - жыл сайын.

 

3.       

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша тиісті шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру

Қазіргі уақытта республикада құқықтық сауаттылықтың, мәдениеттің және құқықтық сананың төмен деңгейі байқалады.

Жалпы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес халықтың тек 53%-ы құқықтық сауаттылық деңгейін жоғары, 18,1%-ы орташа, 25,7%-ы төмен деп санайды. Бұл деректер халықтың жартысы ғана құқықтық мәселелерді түсінетінін және заңдар туралы білетінін көрсетеді, бірақ қалған бөлігі әлі де құқықтық білім мен құқықтық сана деңгейін арттыру қажеттілігін тудырады.

Жастар мен қарттар арасында құқықтық сауаттылық деңгейінде айырмашылықтар бар.

Жастардың жоғары құқықтық сауаттылығы болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін және қоғамдағы заңның сақталу деңгейін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Дегенмен, 25,7%-ды құрайтын төмен көрсеткіш халықтың төрттен бір бөлігі құқықтық мәселелерде қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Елдегі құқықтық білім мен құқықтық мәдениет деңгейі, әсіресе ауыл халқы мен жастар арасында төмен деңгейде қалып отыр.

Осы тұрғыда құқықтық ағарту жөніндегі іс-шараларды күшейту, құқықтық ақпараттандыру бағдарламаларын енгізу және халықтың барлық санаттарына құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыс көлемін ұлғайту қажет.



2025 жыл – 20 242 мың тг.

 

2026 жыл – 20 242 мың тг.

 

 

1 орта мерзімді

грант

Нысаналы индикатор:

1) Нысаналы өңірлерде халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін 4%-ға ұлғайту (негіздеме – «Азаматтардың ҚР Заңнамасы бойынша өз білімдерін бағалауы» индикаторы бойынша ҚР ӘМ-нің Халыққа мобильді сауалнамасы).

2) Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылы  кемінде 5 өңір, 2026 жылы кемінде 5 өңір қамтылуы қажет.

 
Күтілетін нәтиже:

1) 1 мыңнан астам адамды тікелей іс-шараларға қамтумен және кемінде 5 мың адамды ақпараттық қамтумен ел халқының құқықтық сауаттылығын арттыру - жыл сайын.

2) Қазақстан өңірлерінде халық арасында, оның ішінде әртүрлі топтармен (жастар, жеке және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, ауыл тұрғындары және т.б.) кемінде 10 іс-шара ұйымдастыру - жыл сайын.

3) халықтың өзекті және жиі қойылатын сұрақтарының тізбесін көрсете отырып, азаматтардың құқықтық санасын және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік модуль әзірлеу.

4) мақалалар, посттар, инфографика түріндегі мазмұнды әзірлеп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді тарта отырып, (@Zan.onai) әлеуметтік желілерде кемінде 10 материал, республикалық интернет-басылымдарда 3 мақала жариялауды, сондай-ақ, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кемінде 2 бейнеролик әзірлеп, кейіннен БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастыра отырып, жариялауды қамтамасыз ету - жыл сайын.

 

4.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту

Қазіргі уақытта елде ТЖ салдарын жою саласында волонтерлікті дамытуда бірқатар кемшіліктер байқалады, атап айтқанда: Қазақстанда төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік қызмет көбінесе орталықтандырылған және үйлестірілген тәсілге ие болмайды, осы салада волонтерлерді даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі байқалады,

волонтерлік бастамаларды іске асыруға қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар,

осы саладағы волонтерлер үшін төмен хабардарлық пен мотивацияның болмауы орын алуда

2025 жыл 26 650 мың тг.

 

2026 жыл 27 756 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде ТЖ саласындағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу - жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арнада).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жарияланым болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы төтенше жағдайларда волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, ТЖ саласындағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

5.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

«Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту

Қазақстанда экологиялық волонтерлікті дамыту азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық проблемаларды шешуге тиімді тартуға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларға тап болады: экологиялық волонтерлік үшін тұрақты инфрақұрылымның болмауы. Елдегі экологиялық сауаттылық деңгейі, әсіресе ауыл тұрғындары мен жастар арасында төмен деңгейде қалып отыр. Волонтерлік топтар өз жобаларын іске асыру үшін ресурстардың тапшылығына тап болады, осы саладағы волонтерлерді ынталандыру мен танудың төмен деңгейі байқалады. Осы салада волонтерлерді даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі байқалады, волонтерлік бастамаларды іске асыруға қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар

2025 жыл 26 650 мың тг.

 

2026 жыл 27 756 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде экология саласындағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу -жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арна).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жарияланым болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы экология саласындағы волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, экология саласындағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

6.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту

Қазақстанда медицина саласындағы волонтерлікті дамыту оның тиімділігі мен іске асырудың толықтығын шектейтін бірқатар проблемаларға тап болады. Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік бастамалар денсаулық сақтау жүйесін қолдаудың маңызды бөлігі болуы мүмкін, әсіресе дағдарыс жағдайында, бірақ олардың дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар: медициналық волонтерлердің қызметін нақты ұйымдастыру мен үйлестіру жоқ, халықтың осы бағытқа қатысуға деген хабардарлығы мен уәждемесі төмен. Медициналық волонтерлік жоғары дайындықты қажет етеді, өйткені волонтерлер әртүрлі ауруларға, жарақаттарға және басқа да қиын жағдайларға тап болуы мүмкін. Алайда, Қазақстанда көптеген волонтерлер алғашқы көмек көрсету, психоәлеуметтік қолдау, сондай-ақ медицина негіздері бойынша тиісті оқытудан өтпейді. Осы салада волонтерлерді даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі байқалады, волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар.

2025 жыл 26 650 мың тг.

 

2026 жыл 27 756 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде медицина саласындағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу - жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арна).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жариялам болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы медицинадағы волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, медицина саласындағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

7.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту

Қазақстанда тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту оның әлеуеті мен мәдени мұраны сақтауға, сондай-ақ елдің мәдени өмірін дамытуға ықпалын шектейтін бірқатар проблемаларға тап болады.

Бұл саладағы волонтерлік бастамалар дәстүрлерді сақтауда, мұражайларды, ескерткіштерді қолдауда, сондай-ақ Мәдени іс-шараларды өткізуде маңызды рөл атқарады, бірақ бұл ретте бірнеше елеулі сын-қатерлерге тап болады: Қазақстанда тарих және мәдениет саласындағы волонтерлік көбінесе нақты институционалдық қолдау мен үйлестірудің жоқтығы проблемасына тап болады. Қазақстанның көптеген азаматтары тарих және мәдениет саласындағы волонтерліктің мүмкіндіктері мен маңыздылығы туралы білмейді. Тарих және мәдениет саласында жұмыс істейтін көптеген волонтерлердің қажетті кәсіби дайындығы жоқ. Волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар.

2025 жыл 26 650 мың тг.

 

2026 жыл 27 756 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде тарих және мәдениет саласындағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу - жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арна).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жарияланым болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы тарих пен мәдениеттегі волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, тарих және мәдениет саласындағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

8.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Әлеуметтік волонтерлікті дамыту

Қазақстанда әлеуметтік волонтерлікті дамыту оның әлеуеті мен тиімділігін шектейтін бірқатар проблемаларға тап болады. Әлеуметтік көмек, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, қарттарды, балаларды және халықтың басқа да осал топтарын қолдау бойынша әртүрлі волонтерлер бастамаларының болуына қарамастан, елде әлеуметтік волонтерліктің дамуын тежейтін бірнеше факторлар бар. Негізгі проблемалардың бірі – халықтың әлеуметтік волонтерліктің маңыздылығы мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығының төмен деңгейі. Қазақстандағы әлеуметтік волонтерлік көбінесе үйлестіру мен ұйымдастырудың нақты жүйесінің жоқтығынан зардап шегеді. Осы салада волонтерлерді даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі байқалады, волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар.

2025 жыл 26 650 мың тг.

 

2026 жыл 27 756 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде әлеуметтік саладағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу - жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арна).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жарияланым болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы әлеуметтік саладағы волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, әлеуметтік саладағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

9.       

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Зооволонтерлікті дамыту

Қазақстанда зооволонтерлік дамуда, алайда оның тиімділігі мен мүмкіндіктерін шектейтін бірқатар маңызды проблемаларға тап болады. Зооволонтерлер жануарларды қорғауда, жануарлардың баспанасыздығымен күресуде, сондай-ақ оларды қалпына келтіруде және жаңа иелерді табуда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, елде зооволонтерліктің белсенді дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар. Осы салада волонтерлерді даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі байқалады, волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін қаржыландыру мен ресурстардың жетіспеушілігі бар. Зооволонтерлер көбінесе кәсіби дайындықтың жетіспеушілігі проблемасына тап болады.

2025 жыл 24 442 мың тг.

 

2026 жыл

24 444 мың тг.

1 орта мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

1) Волонтерлік саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде зооволонтерлік саладағы жаңа волонтерлер санын 10%-ға арттыру - жыл сайын.

2) Жобаға тартылған волонтерлердің кемінде 50%-на оқыту жүргізу - жыл сайын.

3) Кемінде 10 шағын грант бере отырып, (әрбір шағын гранттың сомасы кемінде - 1 000 000 тг) конкурс өткізу - жыл сайын.

4) Осы бағытта волонтерлікті дамыту туралы ақпараттық жұмыс жүргізу (ақпаратты республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялау және тарату - кемінде 5 арна).

5) Ақпараттық қамту кемінде 500 000 адам, БАҚ-та кемінде 15 жарияланым және әлеуметтік желілерде кемінде 120 жарияланым болуы тиіс.

6) Тұрақты даму мақсатында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын іске асыруға қатысу – 2026 жыл.

Күтілетін нәтиже:

1) Әзірленген оқыту бағдарламасы негізінде салалық волонтерлердің білімі мен құзыретін арттыру - жыл сайын.

2) Ақпараттық кампаниялар арқылы, үздік тәжірибелерді дәріптеу, сондай-ақ ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату арқылы зооволонтерлік саладағы волонтерлердің рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру - жыл сайын.

3) Ұсынымдары бар талдамалық анықтаманы ұсына отырып, шағын грант алушыларды сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) Бейінді орталық мемлекеттік органмен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен, зооволонтерлік саладағы топтармен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер фронт офисімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру - жыл сайын.

5) Елде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оң кейстер мен тәжірибелер (кемінде 20) жинағын шығару (таралымы – кемінде 15 дана) – жыл сайын.

6) Тұрақты даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың Халықаралық жылы шеңберінде көрмеге қатысу және материалдарды дайындау – 2026 жыл.

7) Осы бағытты дамыту бойынша ұсынымдар мен талдамалық есепті дайындау және жазу – 2026 жыл.

 

 

2025 жылға БАРЛЫҒЫ

 

239 706

 

 

 

 

2026 жылға БАРЛЫҒЫ

 

245 238

 

 

 

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Дата публикации
11 февраля 2025