ҮЕҰ үшін сыйлық беру конкурсы туралы

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы - бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

Жылдар ішінде 287 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ).

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 15 маңызды бағыт бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_):

         1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

        2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

        3) қоршаған ортаны қорғау;

        4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

        5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

        6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

         7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

         8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

         9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

        10) мәдениет пен өнерді дамыту;

        11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

         12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

        13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

        14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

        15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

        Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны алуға өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).

Конкурсқа қатысуға жіберіледі:

- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

-  2021 жылға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынған ҮЕҰ;

- Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

- 2021 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған не уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;

- Соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

Сыйлықақыға қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

        1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

      4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

   5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

       6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

        7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін.

Ескертпе: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін қоса алғанда (сағат 18:30-ға дейін) ueu_syilygy@qogam.gov.kz (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

ҮЕҰ-дан өтінімдер екі кезеңде қаралады:

- бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті бағыттар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

- өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалары негізінде шешім қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-05-11, 74-02-17.

Өтінімді ueu_syilygy@qogam.gov.kz. электрондық мекенжайға жолдаған жағдайда техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

 

ҮЕҰ үшін сыйлық беру конкурсы туралы

Дата публикации
30 июня 2022