Бүгін білім бөлімінің мәжіліс залында "Қазақстан БАЛАЛАРЫ" іс-шаралар жоспарына сәйкес Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған "Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығында" атты дөңгелек үстел өтті, оған оқуда, шығармашылықта, спортта жетістіктері бар белсенді оқушылар қатысты. Іс-шараның мақсаты: балалардың өздері үшін маңызды мәселелер туралы пікірлерін білдіруі, оларды білім беру ортасын жақсарту процесіне тарту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін ашық платформа құру.
Оқушылар өздерінің мектеп өмірі туралы, өз мектебінде қандай өзгерістер көргісі келетінін айтып, диалогқа белсенді қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар бөлім басшысы С.К. Жақыповтан, Жастар ресурстық орталығының директоры В. Б. Рахматуллаевтан өз сұрақтарына жауап алды. Іс-шара соңында қатысушылар ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.